Алматыда жолда жанып жатқан автокөлік жарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында жолдың бойында тұрған автокөлік жанып кетті. Куәгерлер оның жарылыс сәтін видеоға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт 25 мамырда сағат 17:20-да Алатау ауданында Райымбек даңғылы бойында, 550/12 үйдің жанында орын алған.

«Жол апаты салдарынан 1992 жылы шыққан «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігі жанған. Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі АЦ-5-40-қа сағат 17:30-да келді. 17:35 - те өрт жойылды (арада 5 минут өткенде)», – деп хабарлады Төтенше жағдай департаменті.

Жеңіл автомобильдегі өрт тез таралып, оны 2-3 минут ішінде толығымен жойып жіберетіні айтылады. Осыған байланысты қалалық төтенше жағдай департаменті мамандандырылған ТЖО автокөліктерінің электр жабдықтарына қызмет көрсетуді, сақтандырғыштардың орнына «жучоктар» қолданбауды және әрқашан жарамды өрт сөндіргіштері алып жүруді ескертеді.