Алматыда жолдан өтпек болған 33 жастағы ер адам көз жұмды

АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 12 қазан күні таңғы сағат 04:10-да болды.

«Mercedes Benz» автокөлігінің жүргізушісі Ташкент тасжолымен батыс бағытта келе жатып, 16-К ғимаратына қарама-қарсы жерде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Белгілі болғандай, 33 жастағы ер адам тыйым салынған жерден жолды кесіп өтпек болған.

Апат салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды»,- деді Алматы қалалық Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Оның айтуынша, Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.