деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
«105 бағыттағы автобус Наурызбай батыр көшесінің бойымен оңтүстік бағытқа қарай жүріп келе жатып, өтуге рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған қызды қағып кеткен. Алайда қандай жағдай болмасын, қоғамдық көлік жүргізушісі сақ болуы керек еді», дейді жол полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Арман Сарбасов. Оның айтуынша, зардап шеккен қыз 7-ші қалалық ауруханаға жеткізілген. Алайда арада алты сағат өткенде ол ішкі ағзаларының ауыр жарақатынан көз жұмған.
Арман Сарбасовтың айтуынша, бұл қоғамдық көліктің қатысуымен орын алған қаладағы екінші адам өлімі. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын 6 жасар бала автобус астында қалып мерт болған еді.