Жол апаты Розыбақиев көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында болды.
Әйелдер жанармай бекетіне қарама-қарсы тыйым салынған тұстан жүгіріп өтпек болғанда «Митсубиси Паджеро» көлігінің астына түсіп қалған.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем көлігі әйелдердің бірін ауруханаға алып кетті. Екіншісі алған жарақаттарынан сол жерде тіл тартпай кетті.
Қазір болған оқиғаны полиция тексеріп жатыр.