АЛМАТЫ.ҚазАқпарат – Алматы полициясы жолдың қарсы бағытымен жүрген автобус жүргізушісінің кім екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол ережесін бұзған қоғамдық көлік жүргізушісінің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, автобус жүргізушісі жазаланады.
«Тексеру жүргізілді. Құқық бұзушы анықталды, ол 1990 жылы туған З. Серікбаев деген азамат. ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жиналған материал сотқа жіберілді», - деді Рустам Әбдірахманов.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.