Бұл туралы Instagram желісіндегі Kris_p_brothers паблигінде жарияланды.
Оқиға Абай және Саин көшелерінің қиылысында болған. Жолға таласқан екі жүргізушінің бірі екіншісін ұрып-соғып, артынан құлағын тістеп алған.
Белгілі болғандай, бұзақы жүргізуші бұрын сотталған.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек негізінде ҚР ҚК 293-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Қазіргі таңда Әуезов аудандық полиция басқармасы болған оқиғаға байланысты кешенді тергеу жүргізіп жатыр. Жүргізушілердің арасында дау-жанжал болған. Олардың бірінің денесіне зақым келген. Оның дәрежесін сот-медициналық сараптама анықтайды»,- деді полициядан.