Алматы әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, 14 тамыз сағат 21:00-ден 16 тамыз сағат 06:00-ге дейін - күндізгі және түнгі уақытта Шаляпин көшесі бойынша Әшімов көшесінен Яссауи көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс толығымен шектеледі.
Осыған байланысты, автобустардың жүріс бағытына уақытша өзгеріс енгізілді:
№4 - солтүстік бағытта - Грозный - Қонаев - Яссауи - Шаляпин көшесімен жүреді. Одан кейін схема бойынша;
Кері бағытта - Шаляпин - Яссауи - Қонаев - Рысқұлов көшесі бұдан әрі схема бойынша;
№15 - оңтүстік бағытта - Әшімов - Абай даңғылы - Яссауи - Шаляпин көшесі - одан әрі маршрут бойынша;
Кері бағытта – Шаляпин - Яссауи - Абай даңғылы - Әшімов көшесі - одан әрі маршрут бойынша;
№ 44 - батыс бағытта - Шаляпин – Яссауи - Жандосов - Рысқұлов - бұдан әрі схема бойынша;
Кері бағытта - Грозный - Жандосов - Яссауи - Шаляпин - бұдан әрі бағыт бойынша;
№ 50 - оңтүстік бағытта – Яссауи - Абай даңғылы - Әшімов - бұдан әрі схема бойынша;
Кері бағытта - Әшімов - Абай даңғылы - Яссауи көшесі - бұдан әрі схема бойынша;
№110 - оңтүстік бағытта - Аспандияров көшесі - Абай даңғылы- Бауыржан Момышұлы көшесіне бұрылып, кері бағытта қозғалады.
Кері бағытта - Бауыржан Момышұлы - Абай даңғылы - Аспандияров көшесі - бұдан әрі схема бойынша;
№137 - шығыс бағытта - Әшімов көшесі - Абай даңғылы - Яссауи көшесі - Шаляпин көшесі - бұдан әрі схема бойынша;
Кері бағытта - Шаляпин - Яссауи - Абай даңғылы - Әшімов көшесі - бұдан әрі схема бойынша.