деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мерекелік шараға Академияның президенті және ректоры Асылбек Қожахметов пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары, ХБА Қамқоршылар кеңесінің мүшесі Серік Сейдуманов қатысып, бітіруші студенттерге дипломдарын табыстады. Сонымен бірге, кеште бірқатар отандық және шетелдік компаниялар басшылары да болды.
«Биылғы жылдан бастап біздің дипломдар Қазақстанмен бірге Еуропаға да жарайтын болады. Біз бүгінгі бакалавр түлектерін магистратураға шақырамыз. Магистратураға түсу үшін арнайы жеңілдіктер де қарастырғанбыз. Күзге дейін Академияның бас ғимаратының үстіне тағы бір қабат қосылады. Соған сай Академияның инфрақұрылымын да дамытамыз. Осы сәтті пайдалана отырып, түлектерге сәт сапар тілеймін және бизнестегі әріптесім ретінде санайтын боламын», деді Академияның президенті және ректоры Асылбек Қожахметов.
Халықаралық Бизнес Академиясы еліміздегі жоғары деңгейлі оқу орны болып саналады. 2009 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы №1-ші бизнес мектебі болып табылған. Сонымен қатар, осы жылдың қаңтарында Еуропа институттық аккредитациясын иеленген.