АЛМАТЫ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Алматы облысы бойынша экономикалық және жемқорлықпен күрес департаменті нысаналы несиені заңсыз алып, мақсатсыз жұмсағандығы үшін ЖШС директорына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194 тармағының 1,2-ші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖШС директоры дүние - мүлкінің кепілдігі туралы жалған мағлұматтар беріп, өндірісті дамытуға арналған мемлекеттік нысаналы несиені алып, басқа мақсатқа жұмсағандығы үшін айыпталады. Ол мемлекетке 29 миллион теңге залал келтірген.