Жүк көлігі Назарбаев пен Сәтпаев көшелерінің қиылысында тоқтаған.
Жол оқиғасының видеосы Instagram желісінде жарияланды.
Куәгерлердің айтуынша, фура жүргізушісі рөлде ұйықтап кеткен.
Қиылысқа жете бергенде ол тұрақта тұрған жеңіл көлікті артқы тұсынан соғып тоқтайды. Ал, жеңіл көлік өз кезегінде басқа да көліктерге барып соқтығысқан.
Абырой болғанда көліктердің ішінде ешкім болмаған.