Алматыда жүк көлігі аударылып қалды
14:49, 15 Қазан 2017
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүк көлігі газ құбырын қиратып барып бір бүйіріне төңкеріліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол апаты Жандосов көшесінде болған.
ГАЗ жүк көлігінің жүргізушісі рөлден айырылып қалған. Соның кесірінен көлік оң жақтағы тірек құбырлар мен газ құбырын, метал қоршауды қағып кеткен.
Кейін жүк көлігі бір бүйіріне қисая құлаған.
Оқиға орнына жеткен арнайы қызмет өкілдері жанармай төгілмеуі үшін көлікті орнына тұрғызды.
Жол апатынан ГАЗ көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жапа шеккен.