Facebook қолданушысы Марина Салиеваның айтуынша, оқиға 15 наурыз күні таңғы сағат 09:30 болған. Павлодар көшесіндегі аялдамада жүк көлігінің жүргізушісі е кі адамды қағып кеткен.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл факт ҚРҚК 345-бабы, 2-бөлігі (Жол қозғалысын бұзу) бойынша жүргізіліп жатыр.
«Зардап шеккендердің жол апаты кезіде алған жарақаттардың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өндіріс объективтілік, толықтық және жан-жақты принциптерін қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Осы оқиғаны әлеуметтік желіде баяндаған автордың дәлелдері негізсіз және қоғамды адастырады», - деп түсіндірді полициядан.