Қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова өрт туралы хабарлама түскенін растады.
Қазір ТЖД мамандары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Өрт туралы хабарлама түскі 13:43-те түскен. «Март» сауда үйінің қасында "Мерседес бенс 15/20" жүк көлігі отқа оранған. 7 минутта өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп үлгерді. Олардың анықтауынша, өрт жүк көлігіндегі тауардың тұтануынан басталған. Қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Мамандар тілсіз жауды 13:59-да ауыздап үлгерді.
Алматы 1, возле марта горит машина, актуально на 14:14
Публикация от Online #1ViP@kris_p_almaty🇰🇿 (@kris_p_almaty) Июн 23 2017 в 1:15 PDT