Жол-көлік оқиғасы Сүйінбай даңғылы бойында болған. Оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан № 29 автобус салонында негізінен студенттер болған. Жаяу жүргіншіні өткізу үшін белгіленген жолақ алдына автобус және тағы да үш жеңіл автокөлік қатар тоқтаған. Кенеттен автобусқа жүк көлігі келіп соқтығысады. Осының салдарынан жолаушылардың барлығы салон ішінде отырған орындарынан құлап түсіп, екі студент зардап шекті.
Белгілі болғандай, зардап шеккен студеттер сағат 11 кезінде Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін студеттер амбулаторлық емделуге үйлеріне жіберілді. Олар жол апаты кезінде ауыр жарақат алмағаны анықталды.
Қазіргі кезде ЖКО бойынша полиция тарапынан тексеру жүріп жатыр.