Алматыда жүк көлігін өткізіп жібермек болған екі машина соқтығысып қалды
08:23, 01 Қазан 2018
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы жүк көлігін даңғылға шығару үшін жол бермек болған кезде екі машина соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.
Жол апаты Т.Рысқұлов даңғылының бойында І.Жансүгіров және Ә.Бөкейханов көшелерінің арасында батыс бағытқа қарай қоймалар маңында болған.
Жол апатынан 4 адам зардап шекті. Оның үшеуі Honda және біреуі «Ладаның» жолаушысы. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Полиция апатқа кінәліні анықтап жатыр.