Қалалық Полиция департаментінде хабарлағандай, алған жарақатының ауырлығына байланысты дәрігерлер ер адамды аман алып қала алмады.
Айта кету керек, Алматыда кеше жантүршігерлік жол апаты болған еді.
Дулати көшесімен жүйткіген ауыр жүк көлігі жылдамдығын төмендетпестен жол бойындағы трансформаторды, аялдаманы, бірнеше көлікті, үйдің қоршауын соғып барып бүйіріне құлаған.