Алматыда жүк пойызы автомобильді сүйретіп кетті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Түркісіб ауданында жеңіл машина мен жүк пойызы соқтығысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Апат Бекмаханов – Сүйінбай көшесінде қиылысында орын алды. Көргендердіңфотолары мен видеолары Instagram-дағы павликтердің бірінде пайда болды.

Кадрде пойыздың қатты соққысынан кейін Lada Priora маркалы көліктің қалай вагонғажаншылып қалғаны көрініп тұр. Соған қарағанда, жеңіл көлік пойыз келе жатқандаөтіп үлгермеген. Оқиғаның анық-қанығын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Автор: Еламан Тұрысбеков