Алматыда жүк тиегіш аударылып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кәсіпорындардың бірінің аумағында жүк тиегіш аударылып, жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиғаның себептері қазір анықталуда.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

«Түрксіб аудандық полиция бөлімінің аумақтық бөлімшесінің қызметкерлері тергеуге кірісті. Тиісті сараптамалар тағайындалады», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.