Алматыда «Жұлдыз» базарындағы өрт сөндірілді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Жұлдыз» базарында өрт шықты, деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен. Өрт сөндіру қызметіне Розыбақиев көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында орналасқан базарда бірнеше контейнердің өртенуі туралы ақпарат таңғы сағат 6:53-те түскен.

Жол-патрульдік полициясының экипаждары оқиға орнын қоршауға алып, өрт сөндіру техникасының кедергісіз жетуін қамтамасыз етті. Алматы қалалық ІІД ЖБО кезекшісінің мәліметіне сүйенсек, өрт сағат 7:40-та толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталу үстінде.