Алматыда «Жұлдыздар аллеясы» ашылды
11:43, 07 Сәуір 2012
АЛМАТЫ. 7 сәуір. ҚазАқпарт - Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік аясында Республика сарайы жанында «Жұлдыздар аллеясы» ашылды.
«Жұлдыздар аллеясына шырша отырғыздым. Өз ағашыңды егу әрдайым көңілге медеу, жүрекке жылылық сыйлайды. Бұл тазалыққа ғана емес, жастарға тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Енді олай-бұлай өткенде су құйып, күтіп ұстап тұруға балаларды жіберіп тұрам. Өзімдікі дегенде әрдайым өгіз қара күшің болады ғой», - дейді КСРО-ның Халық әртісі Асанәлі Әшімов.
«Жұлдыздар аллеясында» А. Әшімовтан басқа, КСРО-ның халық әртістері Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Роза Жаманова, Әлібек Дінішев, Анатолий Молодов, Рамазан Баповтың шыршалары отырғызылды. Шарадан аға буынның ізін жалғап келе жатқан жас әншілер де сырт қалмады. Олар 19 түп шырша отырғызды.