Алматыда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар басшыларының 30,7 пайызы - әйелдер

АЛМАТЫ. 11 шілде. ҚазАқпарат - Алматы қалалық статистика департаментінің 1 шілдедегі мәліметіне қарағанда, әйелдердің сандық үлесі ең көп сала - білім беру.

Онда әйелдердің саны  63,3 пайызды құрайды. Одан кейінгі сала - денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет (50,78 пайыз) болып отыр. Ал  қоныстану мен тамақ саласында 43,5 пайызды, қозғалмайтын мүлік операцияларында 41,6 пайызды, әкімшілік және қосалқы қызметте 40,8 пайызды құрауда.

 Қаладағы жұмыс істеп тұрған 35 233 кәсіпорынның 10 801-нің басшысы - әйелдер. Оның ішінде 893-і мемлекеттік кәсіпорынның 445-нің, 31 455  жекеменшік кәсіпорынның 9 592-сінің, 2 885 шетелдік кәсіпорынның 764-нің басшылары  нәзік жандылар.

Сондай-ақ Алмалы ауданындағы 9560 кәсіпорынның 3 131-нің, Бостандық ауданындағы 9342 кәсіпорынның 2 337-сінің,  Медеу ауданындағы 6 656 кәсіпорынның 2121-нің, Әуезов ауданындағы 4 986 кәсіпорынның 1 492-сінің, Жетісу ауданындағы 3 574  кәсіпорынның 906-сының, Түркісіб ауданындағы 6556 кәсіпорынның 600-нің, Алатау ауданындағы 851 кәсіпорынның 214-нің жетекшісі - әйелдер.