АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Жастар жылы аясында 2019 жылы республикалық бюджет есебінен қала әкімдігі жұмыс істейтін жастарға 1055 пәтер бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ағымдағы жылы оларға тағы 1050 пәтер бөлінеді. «Алматы жастары» бағдарламасы аясында тағы 1 мыңнан астам пәтермен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қосымша 10 млрд теңге қарастырылды»,– деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 284 отбасы баспаналы болды
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.