АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Соңғы екі аптада Алматыда жұмыс орндарында COVID-19 жұқтырғандар саны артқан. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қалада жаңа көрсеткіш пайда болды. Соңғы екі аптада жұмыс орндарында жұқтыру көрсеткіші көбейді. Көрсеткіш бес пайызға өсіп, тоғыз пайызға жетті. Сондықтан жұмыс берушілерден эпидемияға қарсы режимді күшейтуді сұраймын», - деді спикер.
Сонымен қатар, ол тұрғындар коронавирусты қай жерде жиі жұқтыратынын айтты.
«Өткен аптада сырқаттанғандардың 90%-ның негізгі жұқтыру орындары сауда объектілері – 29%, қоғамдық көлік – 21%, 22 пайызы ауруды отбасы мүшелерінен, 9 пайызы базарлардан жұқтырған», - деді Жандарбек Бекшин.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.