Алматыда жұмысшы 5-ші қабаттан құлап, оқиға орнында қаза тапты

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше сағат 12:43-те Алматы қаласының Алмалы ауданында жаңадан салынып жатқан «Сәлем-Менеджмент» қонақ үйінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде «Сапа энерго строй сервис» ЖШС-нің 35 жастағы жұмысшысы 5-ші қабаттан құлап, оқиға орнында қаза тапты.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.