Алматыда жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында 2153 ұжымдық келісім тіркелді

АЛМАТЫ. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Алматыда биыл жыл басынан бері жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында 168 ұжымдық келісім жасалды.

Бұл жайлы  кеше  Алматыда өткен «Әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайындағы Үкімет, Кәсіподақ федерациясы және Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының арасындағы Үшжақты келісім. Жұмыс орнын сақтап қалу меморандумын жүзеге асыруды бағалау» деп аталатын республикалық конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматыда қазіргі таңда жұмысшылар мен жұмыс берушілер  арасында 2153 ұжымдық келісім тіркелген.  Оның 403-і ірі кәсіпорындарда, және 48-і орта,  82-сі шағын бизнес саласында. Жалпы биыл жыл  басынан бері  168 ұжымдық келісім тіркеліп отыр. Оның 47-сі - ірі кәсіпорындарда, 70-і - орта, ал 51-і шағын кәсіпорындардың үлесінде», дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қалалық департаментінің еңбек қатынастары бөлімінің бастығы Шолпан Есентаева. Оның айтуынша, ұжымдық келісімшарт жасамаған кәсіпорындар қалада әлі жеткілікті. Қазір департамент  қызметкерлері оларға   түсіндіру  жұмыстарын  жүргізіп жатыр.