Куәгерлердің айтуынша, Subaru Береговой көшесімен оңтүстік бағытқа қарай келе жатқан. Ол Жандосов көшесіне қарай оң жаққа бұрылған. Сол уақытта жолды кесіп өтіп бара жатқан үш әйелді, екі баланы басып кеткен. Балалардың жасы 4 пен 10 жас аралығында. Жаяу жүргіншілерді қағып кеткеннен кейін ол тұрақта тұрған Honda CR-V көлігін барып соққан.
Жол апатынан көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Ауыр жарақаттанған екі әйелді жедел жәрдем алып кетті.