Алматыда журналистер аллеясы ашылды
04:05, 10 Тамыз 2019
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Атакент» саябағында журналистер алма ағаштарын отырғызды. Қала орталығындағы бұл жерге күн сайын 10 мыңға жуық тұрғын келіп, демалады, деп хабарлайды Хабар24kz.
Олардың әрқайсысына бір ағаштан келеді. Алайдақарқынды өсіп келе жатқан мегаполис үшін көк желектің көп болғаны жақсы.Жергілікті «Достар клубының» белсенділері қатысушыларға тал егуге қажеттіқұралдар таратып, ағаштың төлқұжатын тапсырды. Әр ағашқа оны отырғызғанжурналистің аты-жөні жазылған тақтайша бекітілді. Журналистер аллеясына бүгінжалпы саны 70 ағаш егілді.
«Неге журналистерді таңдадық? Себебі Алматыдажурналистер аллеясы жоқ. Бұл аумақта жеке күзет жұмыс істейді. Сондықтанағаштар үшін алаңдаудың қажеті жоқ. Суаруды қазіргі сәнге сай ұйымдастыруды жөнкөрдік. «Өз ағашыңды суар» деген ұранмен әр журналистке, телеарнаға әлеуметтікжелі арқылы эстафета жолдаймыз» ,-дейді қоғамдық бірлестік президенті
Бауыржан Баякешов.