Оның айтуынша, қаңтар айынан бастап қалада 4 жоба жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін 10 жобаны іске қосу жоспарда, оның 8-і индустриялық аймақта болады.
«Биыл құрылыс саласы пандемияға қарамастан өз жұмысын тоқтатпай қарқынды түрде жұмыс істеген. Сонымен қатар өндіріс саласы 9 айда 712,3 млрд теңгенің өнімін шығарған. Өсім - 3,2%. Оның ішінде фармация мен автокөлік құрау саласы қарқынды өскен. Фармацияның көрсеткіші 158%-ға дейін ұлғайған. Сауда саласының көрсеткіші көктемнен бері төмендегенімен қазір қайта күш алып келеді», - дейді Еркебұлан Оразалин.
«Бизнесті дамыту» бағдарламасына биыл 7,89 млрд теңге қарастырылған болса, оның 6 млрд-қа жуығы нақты жобаларға бағытталып, өз иелерін тапқан.