Полицейдің айтуынша, жол апаттарының басты себебі – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзуынан.
«Өткен кезеңде жол апатының 99,9 %-ы немесе 2 614 жол апаты жүргізушілердің кінәсінен болған. Жүргізушілердің кінәсінен болатын әрбір бесінші жол апаты маневр жасау ережелерін сақтамаудан болады. Жыл басынан бері осы себеппен 1 163 жол апаты тіркелді. Ал жылдамдықты бұзу салдарынан 395 жол апаты болды»,- деді Ержан Ұзабаев.
Жол апаты санының көшін көліктердің бір-бірімен соғысуы бастап тұр. Оның саны - 1 095.
«Жаяу жүргіншілерді қағып кету жол апатының 38,8%-ын немесе 1018 жол апатын құрайды. Оның салдарынан 1023 адам зардап шегіп, 44 адам қаза тапты. Жол қиылысынан өту ережесінің сақталмауынан 567 жол апаты болды. Жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 952 622 жол қозғалысына қатысушы әкімшілік жауапқа тартылды»,- деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы.