«Менингококк инфекциясы – Neisseria meningitides бактерия тудыратын жіті инфекциялық ауру. Ауру ауа арқылы беріледі (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде). Менингококктің алғашқы спецификалық белгілері болмайды, қарапайым суық тиюге ұқсас болады (температураның көтерілуі, бас ауруы). Аурудың белгілері пайда болған жағдайда, медициналық көмекке жүгіну керек», - деп хабарлады ведомствода.
Аурудың негізгі клиникалық белгілеріне: дене температурасының 39,0°С және одан жоғары болуы, бас ауруы, жүрек айнымай құсу, геморрагиялық бөртпе, мойын бұлшықеттерінің кернеуі, тыныс алудың бұзылуы, ақыл-естің бұзылуы жатады.
«Менингококк инфекциясы қыс және көктем айларында өрши туседі. Себебі, бұл уақытта адамның иммундық жүйесі бұл уақыттарда көптеген вирустар - ЖРВИ, тұмау және т.б. әсерінен әлсірейді. Иммунитеті толық қалыптаспауы себепті көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ, шылым шегетін жасөспірімдер, жас адамдар ауырады», - деп хабарлады қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде.