10:05, 20 Мамыр 2009
Алматыда жыл басынан бері 4 мың жұмыс орны ашылды
АЛМАТЫ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда биыл жыл басынан бері жаңадан 4 мың жұмыс орны ашылды.
Бұл жайлы қала әкімі Ахметжан Есімов Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті ұжымымен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Алматыда қазіргі таңда 57 мың белсенді адам жұмыссыз. Олардың арасында жұмыс істегісі келмейтіндер де бар. Осы уақытқа дейін жұмыссыздардың 40 мыңы немесе 60 пайызы ғана еңбек және жұмыспен қамту орталығына хабарласып, тіркеуге тұрды. Олардың арасынан 4 мың адам қаланы көгалдандыруға тартылды», - дейді Ахметжан Смағұлұлы. Қала әкімінің айтуынша, «Жол картасы» бойынша енді тағы 39 мың адамды жұмыспен қамтамыз ету жоспарланып отыр.