Алматыда жыл басынан бері 450 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

АЛМАТЫ. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда жыл басынан бері 450 мың шаршы метрдің тұрғын үйі пайдалануға берілді.  Бұл    бүгін   қалалық әкімшіліктегі алғашқы 6 айдың  әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылауға арналған кеңейтілген мәжілісте айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.    

"Алматыда тұрғын үйлерді пайдалануға беру биыл өткен жылмен салыстырғанда 22,4 пайызға өсті. Алматыда жаңадан салынған тұрғын үйлердің 1 шаршы метрінің орташа бағасы 24 пайызға арзандады", дейді қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының төрайымы Лариса Васильева. Оның айтуынша,  қайталама нарықта  пәтер бағасы  40 пайызға дейін түскен.

Жалпы биыл Алматыда мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекалық тұрғын үйлердің құрылысына 5 миллиард теңге  қарастырылған болатын. Алғашқы жартыжылдықта пайдалануға берілген пәтерлерден бюджетке 1065,0 миллион теңге кіріс кірді.