Қалалық ішкі департаметінің Қылмыстық полиция басқармасының мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері олар мемлекетаралық іздеуде жүрген 170 қылмыскерді құрықтаған. Оның 113-і - Қазақстанның, 55-іне - ТМД елдері, ал екеуі Италия мен Чехияның құқық қорғаушылары іздеу жариялаған азаматтар.
«Ұсталғандардың біреуі Қырғызстанда адам өлтірсе, екеуі Грузия мен Ресейде адам өлтіруге әрекет жасағандар. Тағы 2 ресейлік мен 1 өзбекстандық өз оппоненттеріне қасақана ауыр дене жарақатын салған. Тағы бір өзбекстандық қарақшылық жасап, ал итальяндық мен чехиялық азамат өз елінде ауыр қылмыс жасап қашып жүрген», - дейді Қылмыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерғали Шәкенов. Оның айтуынша, соңғы күндері ғана ұсталған 31 жасар Өзбекстан азаматы Ресейдің Владимир облысында тонаушылық жасаған. Ол адам тонаған соң өз еліне оралудан қорқып, Қазақстанда бой тасаламақ болған көрінеді. Енді Миск конвенциясы бойынша, ол Ресей заңына сәйкес жазалану үшін көрші елге жіберілетін болады.