деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы белсенді күрес өз жалғасын таба береді деп айтқым келеді. Алматы - Республиканың мәдени және қаржы орталығы және еліміздің ең ірі қаласы. Ірі қаржы көздерін мұнда тек кәсіпкерлер ғана емес, қылмыскерлер де тартуда. Біз, құқық қорғаушылар, азаматтар мен кәсіпкерлер өздерін қауіпсіз сезіну үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз», - дейді Ерлан Тұрғұмбаев.