«Қазіргі таңда ауданда жаңа өндірістер мен кәсіпкерлік субъектілерінің ашылуына, жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше назар аударылып отыр. Жылдың соңына дейін үш ірі нысан ашылады: «Абылай хан Плаза» сауда-әкімшілік кешені, «Жібек жолы» сауда-құрылыс орталығы және «Кайсар Плаза» әкімшілік ғимараттары. Ғимараттардың жалпы көлемі - 201 098 шаршы метр. Оған тартылған инвестициялар соммасы 45 млрд. теңгені құрап, 1000-нан астам жұмыс орны құрылады», - деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, аудан әкімі 88 балалар ойын алаңы мен 37 спорт алаңы орнатылған 93 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізілгенін айтты.
«Келесі жылға 100 ауланы жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Биылғы жылы қазан айында Тілендиев көшесінде 160 орынға арналған «Айбала» жекеменшік балабақшасы ашылды. Сонымен қатар, аталған мәселені шешуге бизнес-құрылым өкілдері де тартылуда, Атап айтқанда мемлекеттік-жекешелік серіктестігі негізінде Тілендиев көшесінде 400 орынға арналған балабақша құрылысы жобасы жүзеге асырылуда»,- деді ол.