Алматыда Жылу электр орталығының №8 қазандық агрегаты іске қосылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жылу электр орталығының №8 қазан агрегаты іске қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Алматы электр стансалары»  АҚ Алматы  2  ЖЭО №8 қазандық агрегатын іске қосу салтанатты шарасына аталған акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов пен «Самұрық - Энерго» АҚ директоры Қаныш Молдабаев қатысты.

«Жаңа қазандық қаланың артып келе жатқан жылу, тоқ қажеттілігін және «Универсиада - 2017» спорттық шарасын өткізуге арналған жаңа нысандарды «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша индустриалды аймақ пен құрылыс нысандарын қамтамасыз етеді», - деді Нұрлан Мұхамед-Рахимов. 

Жоба құны  25,7 млрд.теңге.  №8 қазандық агрегатын іске қосу 2 ЖЭО жылу қуатын 20 пайызға, 1 176 Гкал/сағаттан 1 414-ке дейін арттырады.

Сонымен қатар, жылына қосымша 450 млн к Ват сағат электр энергиясын өндіреді.