Райымбек даңғылы бойында жарылған жылу құбырының тозығы жеткен. Ол осыдан 48 жыл бұрын төселген. Оның диаметрі 800мм.
«Төтенше жағдай 24 қазанда сағат 15:00-де тіркелді. Қазір ол жерде «Алматы жылу желілері» ЖШС-нің жедел бригадасы жұмыс істеп жатыр. Апатты жоюға 3 арнайы техника, 1 экскаватор, 2 самосвал, 15 жұмысшы жұмылдырылды»,- деді әкімдік.
Еске салсақ, Алматыда жылу құбырының жарылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, он күн бұрын дәл осы Райымбек даңғылында жылу құбыры жарылып,көшелерді ыстық су басқан.