«Жылу маусымын аяқтау бойынша карантинге байланысты көп азаматтарымыздан хат келіп жатыр. Кейбіреулер жылу маусымын соза тұруды өтінсе, кейбіреулер өшіруді сұрап жатыр. Коммуналдық меншік туралы ережеге сүйене отырып соңғы 5 күнде ауаның орта температурасы 8 градустан асса сенбіге таман жылу беруді тоқтатамыз», - деді Әсет Масабаев.
17:34, 20 Сәуір 2020
Алматыда жылу маусымы қашан аяқталады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жылу маусымы қашан аяқталатыны белгілі болды. Бұл туралы қалалық Энергетикалық тиімділік басқармасының басшысы Әсет Масабаев онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.