Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыдағы Фурманов көшесінің «Рамстор» сауда орталығы жанындағы жылу желісінде болған апат бүгін түстен кейін қалпына келтіріледі.
Қазіргі кезде жол қозғалысы толығымен қалпына келтірілген.
««Самал-1», «Самал-2» және Достық даңғылынан Оспанов көшесі бойындағы тұрғындардың барлығына ыстық су кешкі сағат сегіз шамасында беріледі. Бұл жаңа жылу құбырларын сынақтан өткізген соң ғана жүзеге асады», делінген хабарламада.