Алматыда жылына 550 мың тонна қоқыс өңдейтін кешеннің құрылысы басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоқыс өңдеу кешенінің құрылысы басталды. Қала әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов  Қазақстандағы ең ірі кешеннің іргетасына салтанатты түрде капсула салды.

Нысан Алатау ауданындағы ЖЭО-2 маңында бой көтермек.

«Бизнестің жол картасы -2020» өңірлік индустрияландыру картасына енетін жоба 5,3 млрд теңге жеке инвестиция есебінен салынады.

Мамандардың айтуынша, қоқыс өңдеу зауыты 2025 жылға таман салынған ақшаны ақтайды.

Жыл сайын бюджетке 500 млн теңге құйылып отырады. Кешеннің құрылысы мен одан арғы жұмыс жасауы барысында 600 адам жұмыспен қамтылмақ.

Жылына 550 мың тонна қоқыс өңдейтін зауыт 2018 жылдың маусымында пайдалануға беріледі. Өндірістік қуаты Алматы халқының қажеттілігін толығымен өтей алады.

«Green Recycle» ЖШС директоры Дмитрий Данильченконың айтуынша, қоқыс сорттау кезінде жарамды дүниелер екінші рет өңдеуге жіберіледі, ал биологиялық тұрғыдан шіритін заттар полигонда көміледі.

«Алматының өзінде 1,5 мың өнеркәсіптік кәсіпорын барын ескерсек, бұл жобаның маңызы аса зор екенін түсінеміз. Себебі, енді коммуналды және өндірістік  қоқысты игеру мүмкіндігі туып отыр», - деді Алматы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Алмас Мәдиев.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы ҚР Президентінің «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген болатын. Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болды.

Қазір бағдарламаның 2-кезеңі жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ, «Алматы-2020» даму бағдарламасына сәйкес 2020 жылға дейінкәріз тазарту үй-жайларының ұйықты алаңқайларында биогаз өңдеу бойынша қоқысөңдеуші кешеннің жобасын бекіту, кешен құрылысының қаржыландыру көздері мен сызбасын келісу, жылына ТБО 300 мың тонна жоба күшімен Кешен құрылысын салу, кешен қызметінің нәтижесін мониторингілеу бойынша талаптарды қалыптастыру, Алматы қаласының Алатау ауданында қалдықтарды сұрыптау кешенінің (ҚСК) құрылыс, жеке инвесторлар қаражаты есебінен қалдықтарды өртейтін күші 650 мың тоннаны құрайтын зауыттың құрылыс үдерісіне әкімшілік қолдау көрсету (Қарасай полигонында), қоқысты бөлшектеп жинау мен сұрыптау концепциясын жасауға сатылай көшу, қарастырылған.