Алматыдағы №1 перзентхананың бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алмалы аудандық сотында пара алды деп айыпталған Алматы қаласы №1 қалалық перзентханасының бас дәрігері Наурызбай Рақышевқа қатысты қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот үкіміне сәйкес, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 2-бөлімі (пара алу) бойынша қылмыс жасады деп танылып, 6 миллион теңге көлеміндегі пара мөлшерінен отыз есе көп айыппұл салынды.

Іс жеделдетілген сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қаралғандықтан, айыпталушы Рақышевқа ҚК-нің 55-бабы, 3-бөліміне сәйкес айыппұл түріндегі жаза мерзімі ең жоғарғы жазаның жартысынан, яғни параның отыз еселенген мөлшерінен аспауы керек.

Сондай-ақ, сот Рақышевты өмір бойына мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқарудағы лауазымдарды атқару құқығынан айырды.

Сонымен қатар, сот айыпталушы Рақышевты медициналық қызметпен айналысу құқығынан айыру қажеттілігі туралы дәлелдемелерді негізсіз деп тапты, өйткені сотқа дейінгі тергеу органы мен сот ол жасаған қылмыстың оның кәсіби медициналық практикасына қатысы жоқтығын анықтады. Рақышевтың қылмыстық құқық бұзу әрекеті мүлікті жалға беру шартын бұзу мүмкіндіктерін пайдалануға бағытталған.

Соттың анықтауы бойынша, «О» ЖШС басшысы GOSREESTR.KZ порталы арқылы №1 КМУ перзентханасының аумағын жалға беру бойынша тендерде жеңіп шыққан.

Сонымен, 2019 жылғы наурызда «O» ЖШС басшысы Ш. бизнесті жүргізу мақсатында GOSREESTR.KZ порталы арқылы «№1 қалалық перзентхана» КММ-де аумағын жалға беру бойынша тендерді жеңіп шыққан.

Осы жылдың шілде айында қалалық перзентхананың бас дәрігері үй-жайларды жалдау келісім-шартын бұзу мүмкіндігі бар екенін түсініп, өзінің кеңсесінде компания директорына кәсіпкерлік қызметті тоқтатпағаны және жалпы қорғағаны үшін ай сайын 200 мың теңге төлеуге тиісті екені туралы шарттарды ұсынған.

Сондай-ақ, Рақышев кәсіпкерге ұсынылған шарттардан бас тартқан жағдайда жалға алуды тоқтату үшін жазбаша түрде Мемлекеттік активтер кеңсесіне хабарласатынын айтқан. Ал Ш. болса,сұралған соманы беруге келіскен.

Жасалған келісімге сәйкес, жалға алушы теңгерім ұстаушының жазбаша өтініші бойынша осындай шешім қабылдау себептерін көрсете отырып, шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы екенін атап өткен жөн.

2019 жылдың тамыз айында Ш. қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне аурухананың бас дәрігерінің заңсыз әрекеттері туралы арыз жазған.

Келесі күні Ш. Рақышевқа оның қызметтік кабинетінде 200 000 теңге берді. Сол күні перзентхананың бас дәрігері қылмыс жасау үстінде ұсталды. Сотта Рақышев өз кінәсін толық мойындады.