АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында орналасқан №307 жабық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Клиникада ем алып жатқан балалардың ата-аналары өз таңдауын жасап, дауыс берді. Сайлау учаскесінде барлығы 160 адам таңдауын жасады. Сайлау процесін байқаушылар қадағалады. Қазіргі уақытта учаскелік сайлау комиссиясы дауыстарды санауға кірісті»,- деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.
Дауыс беру таңғы 7-де басталып, сағат 11.00-де аяқталды.
Айта кетейік, Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.