Бұл бүгін Алматы қаласының денсаулық сақтау мекемелеріндегі партиялық бақылау посттарының қызметін түсіндіруге арналған баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Ұлттық бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін (ҰБДСЖ) құруға байланысты былтыр медициналық мекемелер акредитациядан өтткен болатын. Соның нәтижесінде биыл тұрғындарға емханаларды өздері таңдауына мүмкіндік туып, оған 1 ай уақыт берілді. Ақпанның 1-і күні аяқталған бұл шараның қорытындысын қалалық денсаулық сақтау басқармасы ақпанның 10-ына дейін хабарлайтын болады. Бұл жұмыстар медициналық қызмет сапасын арттырып, денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлерін ынталандыруға серпін беруге тиіс", дейді Алматы қаласындағы Әуезов ауданының аумақтық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ерболат Қасымов. Оның айтуынша, мәселен Әуезов ауданындағы №7 қалалық клиникалық ауруханада бұрын өзге аймақтардан 200 адам емделіп шығатын. Биыл онда қаңтар айында ғана 320 науқас емделді. Соның нәтижесінде, енді бұл ауруханаға өздеріне бөлінетін қаржы көлемін өткен жылдармен салыстырғанда біршама ұлғайтуға қол жеткізіп отыр.