Алматыдағы Абай даңғылы қалай өзгереді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абай даңғылын қайта жасау жоспары көпшіліктің талқылауына ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа жоба сурет иллюстрациясы түрінде қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының сайтында жарияланды.
  

Онда Абай даңғылы Достық көшесінен Есентай өзеніне дейінгі тұрғын үй мен азаматтық нысандардың өзгеруі көрсетілген.

Атап айтқанда, КМЭБИ, ҚазҰАУ ғимараттары, Ұлттық кітапхана нысандарының алды кеңейтіліп, жаяу жүргіншілерге арналған алаңдар, жасыл желек, веложолдар пайда болады.
 
 

Осы сауалнама нәтижесіне сәйкес қоғамдық тыңдау жарияланбақ.

Қазіргі уақытта топографиялық түсірілім, эскиз жобалар жасалды. Эскиз жобасы тапсырыс берушімен келісілді.

Енді қаланың бас жоспары мен реконструкция эскизі теңестіріліп жатыр.
 

Ақпан айынан бастап эскизге сай көшедегі нысандардың демонтажы, көгалдандыру, тротуарларды қайта төсеу басталады.

Соңғы жаңалықтар