«Достық» метро құрылысына байланысты Абай даңғылы – Б.Момышұлы көшесіндегі көлік қозғалысына өзгеріс енгізіледі:
- 27 тамыз кешкі сағат 22: 00 -ден 28 тамыз кешкі сағат 22: 00 -ге дейін Абай даңғылының бойымен Саин көшесінен Б.Момышұлы көшесіне дейінгі батыс және шығыс бағыттағы көлік қозғалысы жабылады.
- Абай даңғылының бойында орналасқан үйлердің ауласына кіретін және шығатын жерлер ашық болады.
- Б. Момышұлы көшесі мен Саин көшесі бойымен қозғалыс қалыпты режимде болады. Көліктердің жүруіне шектеу жоқ.