Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің 101 пультіне «Адем» сауда орталығында өрт шыққаны туралы хабар сағат 10.11-де түскен.
ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында, өрт сөндірушілердің алғашқы легі жеті минуттан кейін сағат 10.18-де барғаны көрсетілген.
«Өрт «Адем» СО шатырындағы лакталып, боялған бұйымдардан шыққаны анықталды. 10.27-де өрт ауыздықталып, 10.29-да толығымен сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ - 5 шаршы метр», - делінген хабарламада.
Өрттен жапа шеккендер жоқ.