«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы ҚХА және «Ахыска» түрік этномәдени орталығығының ұйымдастыруымен өтті.
Көпбалалы отбасынан шыққан балалар мен жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне мектепке қажетті құралдың бәрін табыс етті.
« Мұнда әр ұлттың өкілдері отыр. Қазақ, түрік және тағы да басқа. Осы балалар мектепке көтеріңкі көңілмен, отансүйгіштік сезіммен, яғни қамқорлықты сезініп барса дейміз. Бұл балалардың оқуына да әсер етеді. Болашақта олардың тұрмысы жақсарады деп ойлаймын», - деді ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Саттар Мәжитов.