«Өрт фактісі бойынша қалалық прокуратура ведомствоаралық тергеу жедел тобын құрды, оның құрамына анықтаушылар кірді. Екі қылмыстық іс қозғалды. Өрт-техникалық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді спикер.
Еске салайық, біз бұған дейін Алматыда 16 қабатты үйде өрт болғанын хабарлағанбызҚызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді.
31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілген болатын.
Амалы қалмаған тұрғындар балаларын терезеден лақтырды.
Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел бар.
Кейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір адамның қаза тапқанын хабарлады.
Өрттен зардап шеккен тұрғындар тамақ және жатын орынмен қамтамасыз етілді.