Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жедел іздестіру жұмыстары нəтижесінде телефон қоңыраулары тексеріле келе 2 адам күдікті ретінде ұсталды. Олардың бірі - банк қызметкері, күзетші.
«Күдіктілерден 65 млн 300 мың теңге көлемінде ақша тəркіленді. Олар уақытша ұстау абақтысына жеткізілді», - делінген таратылған хабарламада.
Айта кету керек, 27 маусым күні кешкісін «Арай» тұрғын үйінде орналасқан банк ғимараты тоналған еді.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.