Алматыдағы алапат өрт: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Назгүл Иманғалиева өрттен зардап шеккендер жатқан ауруханаларға барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігердің сөзінше, өрт салдарынан барлығы 49 адам зардап шекті, оның ішінде екі ересек адам №7 қалалық клиникалық ауруханада жатыр.15 баланың 9-ы балаларға жедел және шұғыл көмек көрсету орталығында, 6 бала №2 балалар клиникалық ауруханасында стационарлық ем алуда. Қалғандары барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартты.
«Екі ересек адам реанимацияда: 35 жастағы әйел - Кататравма. Қатысты жарақат. Көптеген сынық. Екі өкпенің соғылуы. Жану өнімдерімен улану. 2-дәрежелі травматикалық шок диагнозымен, ал 19 жастағы қыз ауыр бас-ми жарақаты, көптеген сынық диагнозымен жатыр», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.
1992 жылғы әйел көптеген жарақат салдарынан қайтыс болды.
Жағдайы ауыр әйел дереу №7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген болатын.
Жедел жәрдем бригадасының мәліметінше, ол өрт кезінде 5-6-қабаттан секірген.
«Оған қойылған диагноз: Катажарақат. Қатарлас ауыр жарақат. Көптеген сынық. Түтінге улану. 2-3 дәрежелі травматикалық шок. Өлім өмірмен үйлеспейтін жарақаттардан болған» - деп атап өтті ведомстводан.
1 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты. Қалған ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы бір қалыпты.
Ауруханалардың қабылдау бөлімінде қажетті мамандарды тарта отырып, барлық науқасқа қажетті көмек көрсетілді, көрсетілген көмектен кейін 17 ересек және 14 бала тұрғылықты жері бойынша емханаға одан әрі амбулаторлық емдеуге жіберілді.